Қазақстандықтарды экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алуға тартатын болады: қағидалар бекітілді
© Фото: Zakon.kz
Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы 2026 жылғы 5 мамырдағы бұйрықпен экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылықтардың профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту қағидаларын, нысандары мен түрлерін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Азаматтарды құқық бұзушылық профилактикасына тарту Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес экономикалық тергеп-тексеру қызметіне ерікті түрде жәрдем көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Азаматтар құқық бұзушылық профилактикасына өзінің қатысу құқығын Заңының 6-бабына сәйкес мынадай нысандарда іске асырады:
- жеке;
- ұжымдық.
Азаматтар орын алып отырған тәуекелдер мен қатерлер туралы бірлескен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына, сондай-ақ экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылықпен байланысты алдын алу шараларын іске асыруға қатысу түрінде экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына тартылады.
Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтар өзара келісуі бойынша және экономикалық тергеп-тексеру қызметінің аумақтық органдарымен келісу бойынша тұрақты мекенжайы, жұмыс, оқу орны немесе өзінің меншігі орналасқан жерде құқық бұзушылық профилактикасына ұжымдаса отырып қатысуы мүмкін.
Құқық бұзушылық профилактикасына қатысуға ниет білдірген азамат экономикалық тергеп-тексеру қызметіне өтінішпен жүгінеді, оған Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және (бар болған жағдайда) өмірі мен денсаулығын сақтандыру туралы куәліктің көшірмесін қоса береді.
Өтініште азамат құқық бұзушылық профилактикасына қатысу нысанын (жеке немесе ұжымдық) көрсетеді.
Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің бөлімшесі өтініш келіп түскен күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте азаматты наркологиялық, психикалық-неврологиялық және өзге де есепке алу бойынша тексереді, содан кейін ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына тиісті өтінішхатпен жүгінеді, оған ұсынылған құжаттардың көшірмелерін қоса береді не өтініш берушіге жазбаша түрде бас тартып, қабылданған шешімнің себептерін көрсетеді.
Ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы келіп түскен өтінішхатты жеті жұмыс күні ішінде қарайды, азаматты тіркеуді жүргізеді және оны қоғамдық көмекші ретінде есепке қояды, бұл туралы тиісті экономикалық тергеп-тексеру қызметінің бөлімшесіне жазбаша хабар береді.
Құқық бұзушылық профилактикасына қатысуға:
- кәмелет жасына толмаған;
- сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан;
- Заңда көзделген профилактикалық есепте тұрған;
- өтініш бергенге дейін бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
- наркологиялық, психикалық-неврологиялық диспансерлерде есепте тұрған не сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған азаматтар жіберілмейді.
Өтiнiштiң қабылданбауы оны қабылдаудан бас тартуға негiз болған себептер жойылған жағдайда, өтiнiш берушiнiң қайта жүгінуіне кедергi болмайды.
Қоғамдық көмекшінің тіркелгені туралы ақпаратты алынғаннан кейін экономикалық тергеп-тексеру бөлімшесі есепке алу ісін ашады.
Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық көмекшілер өз қызметін:
- құқықтық насихатты ұйымдастыруға қатысу;
- консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысу;
- құқық бұзушылық профилактикасының басқа субъектілеріне жәрдемдесу;
- құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу арқылы жүзеге асырады.
Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкерлері қоғамдық көмекшілердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру арқылы құқықтық даярлықты ұйымдастырады.
Жергілікті атқарушы органда тіркелгеннен кейін экономикалық тергеп-тексеру қызметінің аумақтық органының басшылығы қоғамдық көмекшіге нысан бойынша үш жыл мерзімге қоғамдық көмекші куәлігін береді.
Азаматтың құқық бұзушылық профилактикасына қатысуын тоқтату туралы материалдардың дайындығын ол есепте тұрған экономикалық тергеп-тексеру қызметі қамтамасыз етеді.
Бұйрық 23 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:45, 13 мамыр 2026
Серік Жұманғарин: Қазақстандық бизнес Қырғызстанға кетпейді
-
12:33, 13 мамыр 2026
Ақтауда сарбаз қазасынан кейін әскери бөлім командирі сотқа жіберілді, бірқатар офицер қызметінен босатылды
-
12:22, 13 мамыр 2026
Қазақстандықтарды дербес деректердің қауіпсіздігін бұзу туралы хабардар ету қағидалары жаңартылды
-
12:18, 13 мамыр 2026
+35°С-қа дейінгі аптап ыстық, артынша бірден -6°С: Қазақстан бойынша 14-16 мамырға арналған ауа райы болжамы
-
11:59, 13 мамыр 2026
Түркістанда полиция мен арнайы қызметтер күшейтілді: дайындық жұмыстары көрсетілді





