+35°С-қа дейінгі аптап ыстық, артынша бірден -6°С: Қазақстан бойынша 14-16 мамырға арналған ауа райы болжамы
© Сурет: pixabay
Қазақстанда алдағы үш күнде найзағай, тұман мен екпінді жел күтіледі. Сонымен қатар, +35°С-тан -6°С-қа дейінгі температуралық өзгеріс болжанып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары ұсынған 2026 жылғы 14-16 мамырдағы ауа райы болжамында айтылған.
"Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райына екі барикалық құрылым әсер етеді. Елдің батыс және оңтүстік өңірлері оңтүстік циклонның ықпалында болады. Бұл аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі, сондай-ақ күндізгі ауа температурасы +27…+35 градусқа дейін жоғарылайды".
Республиканың қалған бөлігінде суық антициклон өз әсерін сақтайды.
"Түнгі уақытта солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 1–6 градусқа дейін үсік күтіледі. Ал күндіз бұлттылықтың аз болуына байланысты ауа температурасы +12…+28 градустан +20…+30 градусқа дейін көтеріледі". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Сонымен қатар, республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы мүмкін. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік, шығыс өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында тұман күтіледі.
Бұған дейін 13 мамырда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болатындығын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:45, 13 мамыр 2026
Серік Жұманғарин: Қазақстандық бизнес Қырғызстанға кетпейді
-
12:33, 13 мамыр 2026
Ақтауда сарбаз қазасынан кейін әскери бөлім командирі сотқа жіберілді, бірқатар офицер қызметінен босатылды
-
12:22, 13 мамыр 2026
Қазақстандықтарды дербес деректердің қауіпсіздігін бұзу туралы хабардар ету қағидалары жаңартылды
-
12:04, 13 мамыр 2026
Қазақстандықтарды экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алуға тартатын болады: қағидалар бекітілді
-
11:59, 13 мамыр 2026
Түркістанда полиция мен арнайы қызметтер күшейтілді: дайындық жұмыстары көрсетілді





