Қазақстандықтар Жаңа – 2025 жылды қарсы алды

00:00, 1 қаңтар 2025

© Сурет: pixabay

Қазақстан халқы Жаңа – 2025 жылды қарсы алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жыл – Григориан күнтізбесі бойынша аптаның үшінші күні, яғни сәрсенбіде басталды. Биыл – қазақтың жыл санауы бойынша Жылан жылы.

Жылан жылы — ұлу жылынан кейін, жылқы жылынан бұрын келетін мүшел есебінің алтыншы жылы. Азия халықтарының (қазақ, өзбек, түркімен, қырғыз, татар, башқұрт, әзірбайжан, моңғол, черкес, қытай, жапон, т.б.) көпшілігінің күнтізбелерінде қолданылады. 12 жылда бір рет қайталанып отырады.

Григориан күнтізбесі бойынша жылан жылы 2001 жылғы 22 наурыз мен 2002 жылғы 21 наурыз аралығына келді және ол 2013 – 2014, 2025 – 2026, 2037 – 2038, тағы басқа жылдары қайталанады.

Еске салайық, бұған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындағанын хабарлаған едік.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "2025 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы" бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбі, яғни демалыс күні 2025 жылғы 3 қаңтарға, жұмаға ауыстырылады.

Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 1-4 қаңтар, ал жұмыс аптасы алты күнді құрайтын азаматтар – 1-3 қаңтар күндері демалады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!