Қазақстаннан Батумиге жазғы авиарейстер іске қосылады
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстандық лоукостер FlyArystan 2026 жылғы 6 маусымнан 29 тамызға дейін Ақтау – Батуми – Ақтау бағыты бойынша жаңа халықаралық рейсті іске қосады. Сондай-ақ, Астанадан да Батуми бағыты бойынша рейстер ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.
FlyArystan баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшу кестесі жолаушылар үшін ыңғайлы ұшу және қону уақыттарын ескере отырып жасалған.
Мәселен, FS7729 рейсі Ақтаудан сағат 09:05-те ұшып, Батумиге 09:55-те қонады. Кері бағыттағы FS7730 рейсі Батуми қаласынан 10:55-те ұшып, Ақтауға 13:40-та жетеді.
"Уақыт жергілікті",- деп ескертті әуекомпания.
Сондай-ақ, Астанадан да Батумиге рейстер ұйымдастырылады. Бұл бағыттағы рейстер 2 маусымнан бастап аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады. 25 маусымнан бастап жиілік аптасына үш рейске дейін ұлғайтылып, бейсенбі күнгі қосымша рейс енгізіледі.
Стандартты тарифке кіреді:
- ұшақ салонындағы кездейсоқ орын
- салмағы 7 кг-ға дейінгі (өлшемі 56×23×36 см-ден аспайтын) бір қол жүгi.
Бұған дейін жазғанымыздай, 2026 жылғы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жабық болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:54, 12 мамыр 2026
Бурабайда орман аймағына рұқсат кіргендер анықталды
-
19:27, 12 мамыр 2026
Мәскеу соты қазақстандық рэперге айыппұл салды
-
19:22, 12 мамыр 2026
Астанада екі деңгейлі LRT станциясын салу жоспарланып отыр
-
19:03, 12 мамыр 2026
Астанада есірткі жасырушы ұсталды
-
18:54, 12 мамыр 2026
Талдықорғанда ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды





