Маңғыстауда итбалық қырылуда: теңіз жағасынан 200-ге тарта өлексе табылды

16:50, 18 сәуір 2026

© Сурет: pixabay

Маңғыстау облысында тағы да итбалық қырылып жатыр. Бұл жолы теңіздің Форт-Шевченко қаласы маңындағы жағалауынан 191 итбалықтың өлексесі табылды, деп хабар

КТК мәліметінше, қазір мамандар мониторинг жүргізіп жатыр. Гидробиология және экология институты қызметкерлерінің айтуынша, итбалықтар бір айдан астам уақыт бұрын қырылған. Дауыл әсерінен өлексері теңіз жағалауына енді ғана шығып жатыр.

Айта кетейік, өткен жылы Маңғыстау облысындағы теңіз жағалауынан 2200-ден аса итбалықтың өлексесі табылған. Ал жалпы кейінгі төрт жылда үш жарым мыңдай итбалық қырылған.

"Итбалық өлекселерінен Экология департаменті су, жер, топырақ сынамаларын алды. Институт гидробиология, экология институтыының қызметкерлері итбалық тісінен, тырнағынан және ішкі құрылысынан сынама алып жатыр. Жұмыс жүргізіліп жатыр. Мониторинг жалғасуда".Қонарбай Базарбаев, Маңғыстау облысы балық инспекциясы басшысы

Бұған дейін полиция Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында апатты жағдай туындатқан бір топ жүргізушіні ұстағанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!