Сыр өңірінде «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық тазалық акциясы өтті
© Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгін Қызылорда облысында Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен қолға алынған "Таза Қазақстан" экологиялық бағдарламасы аясында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес "Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – бір ұғым" атты жалпыхалықтық акциясы өтті.
Өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштер, киелі орындар мен көпшілік зират ететін барлық аумақтарға көркейту-көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ағаш отырғызу, қоршауларды ретке келтіру, жолдарды тазалау және жөндеу секілді жұмыстар да жүргізілді.
Сауабы мол игі шараға барша облыс тұрғындарымен қатар мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ассамблея, қоғамдық ұйымдардың мүшелері және жастар белсене қатысты.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Президентіміз "Таза Қазақстан дегеніміз – қоршаған ортаны таза ұстау ғана емес. Әрине, ол да маңызды. Сонымен бірге, бұл – ой-сана тазалығы деген сөз. Жан-дүниесі таза адам қайырымды, мейірімді болады", – деп, жалпыұлттық бағдарлама айналған бастаманың мәнін ашып берді.
Киелі орындарды зират етудің бұрыннан қалыптасқан ережелері бар. Оның ең негізгісі тазалықпен байланысты. "Өлі разы болмай, тірі байымайды" деген даналық өткенге құрмет көрсетудің маңызын ұғындырады.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Халқымыздың дүниетанымында қорымдар тек жерлеу орны ғана емес, дүниеден өткендерге құрмет көрсететін, ата-баба рухына тағзым ететін қасиетті жер. Сондықтан кесенелердің, қорымдардың тазалығына, қараусыз қалмауына ерекше мән беріледі.
Осындай тағылымды бастамалар арқылы қоғамда тазалыққа деген жауапкершілік артып, ұлттық құндылықтарымызға құрмет нығая түседі.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Айта кету керек, облыста 72 нысан киелі орындар тізбесіне енгізілген. Қасиетті кесенелерге жергілікті бюджеттен және демеушілердің қолдауымен реставрациялық, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, келушілерге ыңғайлы әрі қолжетімді ету мақсатында инфрақұрылымдары жақсартылды.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Акция аясында аймақтағы 200-ге жуық қасиетті орындар мен зираттардың аумағын тазалау жұмыстарына 20 мыңнан аса тұрғындар белсенді қатысты.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бұл бағыттағы игі істер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:47, 19 сәуір 2026
Елена Рыбакина Штутгартта чемпион атанып, Porsche көлігін иеленді
-
17:25, 19 сәуір 2026
Ұйытқыған жел, найзағай мен шаңды дауыл: 20 сәуірде Қазақстан бойынша 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
-
16:56, 19 сәуір 2026
Алматыдағы марафон шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңартты
-
15:57, 19 сәуір 2026
Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медальға ие болды
-
15:30, 19 сәуір 2026
Mercedes-Benz компаниясының жаңа C-Class моделі алып экранымен жұртты таңғалдырды





