Қазақстандық боксшылар Бразилияда өтетін бокстан Әлем кубогына аттанды
© Виктория Графеева, сурет: Instagram/graf.vp
2026 жылдың 20–26 сәуірі аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтетін бокстан әлем кубогының алғашқы кезеңіне Қазақстан құрамасынан 16 боксшы қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталмыш бәсекеге 50-ден аса елден 400-ге жуық боксшы қатысады деп күтілуде. Бұл туралы World Boxing ұйымының ресми сайтынан белгілі болды.
Еліміздің атынан ерлер құрамасынан 9 боксшы және әйелдер құрамасынан 7 боксшы жүлдеге таласады.

Сурет: Instagram/boxingkazakhstan

Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Ресми жеребе тастау рәсімі 2026 жылғы 19 сәуір, жексенбі күні Бразилия уақытымен сағат 18:30-да өтеді. Ойындар 20 сәуір, дүйсенбі күні басталып, "Рафаин Палас" қонақ үйі мен конференция орталығында өтеді.
Өткен жылғы жарыстың жеңімпазы – Өзбекстан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:48, 19 сәуір 2026
СҚО-да 7,7 гектар орман алқабы өртеніп кетті
-
10:25, 19 сәуір 2026
Астанадағы өрттен үш баласынан айырылған ана есін жиды
-
09:59, 19 сәуір 2026
Астанада 19–21 сәуір аралығында үш қиылыс ішінара жабылады
-
09:37, 19 сәуір 2026
Синоптиктер Қарағанды, Жезқазған, Теміртау тұрғындарына ескерту жасады
-
17:55, 18 сәуір 2026
Қарағандыда соқтығысқан екі мотоциклдің жүргізушілері мерт болды





