Астанада 19–21 сәуір аралығында үш қиылыс ішінара жабылады
© Фото: Zakon.kz
Астанада 2026 жылдың 19–21 сәуір аралығында жол жөндеу жұмыстарына байланысты үш көшеде қозғалыс ішінара жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әкімдік тарапынан жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлау және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеру сұралды.
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін алғашқы учаске – Республика даңғылы мен А. Иманов көшесі.

Сурет: Астана әкімдігі
Екінші аумақ – Республика даңғылы мен Кенесары көшесі.

Сурет: Астана әкімдігі
Үшінші учаске Республика даңғылы мен Абай даңғылы қиылысында орналасқан.

Сурет: Астана әкімдігі
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатынын атап өтті.
"Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін Алматыда 19 сәуір күні Әл-Фараби мен Абай даңғылдары жабылатындығын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:13, 25 қараша 2026
Алматы метросында оқ толы оқжатар алып жүрген жігіт ұсталды
-
16:08, 25 қараша 2026
АҚШ-та бөгдеғаламшарлықтардың адамдар арасында өмір сүріп жатқаны туралы мәлімдеме жасалды
-
16:00, 25 қараша 2026
Қазақстан Халық Кеңесі «Халыққа жақын» жобасын бастады
-
15:52, 25 қараша 2026
25 қарашадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл төмендеді
-
15:47, 25 қараша 2026
Қытайдағы тарихтағы ең ірі круиздік лайнер алғашқы сапарына шықты





