Қазақстандық теннисші Australian Open турнирінде алғаш рет үшінші айналымға өтті

10:28, 22 қаңтар 2026

© Сурет: Instagram/hkto.mens

Әлемнің 10-ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик Australian Open турнирінде алғаш рет үшінші айналымға шыққанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz дерегінше, қазақстандық спортшыға Австралиямен "достасып үлгердің бе?" деген сұрақ қойылған.

"Иә… Австралиямен достасу оңай емес, бірақ үйреніп келемін. Бүгін мен үшін бірнеше жанкүйер қолдау көрсетті, сол қолдаулары үшін өте ризамын", – деді Бублик матчтан кейінгі сұхбатында.

Australian Open–2026 турнирінің үшінші айналымында Александр Бублик аргентиналық теннисші Томас Мартин Этчеверримен кездеседі.

Қазіргі Australian Open чемпионы – италиялық Янник Синнер. Ол өткен жылғы финалда неміс теннисшісі Александр Зверевті 6:3, 7:6 (7:4), 6:3 есебімен жеңген болатын.

Бұған дейін Юлия Путинцеваның AusOpen-2026 турнирінде Эльза Жакмоны тас-талқан еткенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!