Қазақстандық таеквондошылар Хорватиядағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды

17:02, 17 қараша 2026
MKZ: 1578218

© Сурет: olympic.kz

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Загребте (Хорватия) өткен халықаралық рейтингтік турнирде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандастарымыз жарыста үш медаль еншіледі. Оның екеуі алтын, біреуі күміс.

Нұрай Амангелді (59 келіге дейін) мен Балгерім Өтеген (68 келіге дейін) қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.

Ал Сабина Туртулова (68 келіден жоғары) жарысты екінші орынмен аяқтады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!