Қазақстандық 15 млн теңге тұратын автокөліктен айырылды: бизнес-серіктесі ұсталды

14:15, 26 желтоқсан 2025

© Фото: Zakon.kz

Астана қалалық полиция департаментінің қызметкерлері шамамен 15 млн теңге тұратын автокөліктің ұрлануын жедел түрде ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қалалық полициясының баспасөз қызметі берген мәліметінше, оқиға 2025 жылғы 26 желтоқсанда болған:

"Күдікті – 25 жастағы ер адам, зардап шеккеннің бизнес-серіктесі, олар бірге басқа қаладан жұмыс істеуге Астанаға келген. Тергеу мәліметтері бойынша, ер адамдар бір пәтерді жалға алған, сол жерде оқиға түнінде зардап шеккен ұйықтап кеткен. Осыны пайдаланып, күдікті оның курткасының қалтасынан Changan CS75 Plus автокөлігінің кілтін ұрлап, оқиға орнынан жасырын кеткен. Содан кейін ол байланысқа шықпай жоғалып кеткен", – делінген хабарламада.

Таңертең полиция қызметкерлері ұрланған автокөлікті қаланың бір көшесінде қараусыз тұрған күйінде тапты.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында ер адам анықталып, ұсталды", – деп хабарлады Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция азаматтарға жеке қауіпсіздік шараларын сақтауды, сондай-ақ таныс адамдармен бірге болған кезде де өз заттарына мұқият болуды ескертеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!