Қазақстандық каратэшілер Азия чемпионатынан 5 медальмен оралады

15:58, 23 қыркүйек 2024

© Сурет: Instagram/kazakhstankarateteam

Қытайдың Ханчжоу қаласында WKF каратэден Азия чемпионаты аяқталды. Аталмыш додадан еліміздің спортшылары 5 медаль жеңіп алды, оның екеуі алтын, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТСМ мәліметінше, сары құрлық додасына 30 елден 300 қатысушы жиналды. Қазақстан намысын 19 спортшы қорғады.

Спортшыларымыз ел қоржынынын 5 медальмен толықтырды.

Оның 2-уі алтын:

  • Жоламан Биғабыл (55 кг)
  • Нұрқанат Әжіқанов (75 кг)

2 күміс:

  • Әсел Қанай (61 кг)
  • Командалық ерлер құрамасы (кумитэ)

1 қола:

  • Софья Берульцева (+68 кг)

Айта кетейік, жалпыкомандалық есепте ел құрамасы 3-ші орыннан көрінді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!