Экс-министр Ержан Маржықпаев жаңа қызметке тағайындалды

17:41, 23 қыркүйек 2024

© Фото: zakon.kz

Ермек Маржықпаев ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің өкімімен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Премьер-Министрдің кеңесшісі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ермек Маржықпаев 1969 жылы Астанада дүниеге келген.

С. Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтын, "Тұран" университетін, Көкшетау университетін бітірген.

Әр жылдары түрлі лауазымдарды атқарды.

2019-2023 жылдары Ақмола облысының әкімі болып қызмет етті.

2023-2024 жылдары ҚР Туризм және спорт министрі болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!