Полицейлер ШҚО тұрғынынан 15 келіден астам марихуана тәркіледі

17:47, 23 қыркүйек 2024

© Сурет: polisia.kz

Полицейлер Шығыс Қазақстан облысының тұрғынынан 15 келіден астам марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алтай ауданының полицейлері құрамында есірткі заттары бар тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады.

Тәртіп сақшылары Алтай өңірінің 46 жастағы тұрғынының үйін шұғыл тінту барысында қора ішінен салмағы 15 келіден асатын кептірілген марихуана мен салмағы 3 келіден асатын қарасора өсімдігі табылып, тәркіленді.

Барлық заттай дәлелдер зертханалық сараптамаға жіберіліп, оның есірткі заты екені расталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адам мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!