Астана айналма жолында 24 қыркүйектен бастап шектеулер енгізіледі

18:27, 23 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев

Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ бүгін, 2024 жылғы 23 қыркүйекте Астана тұрғындарына айналма жолдағы шектеулер туралы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орта жөндеу жұмыстарына байланысты Р-10 "Астана айналма жолы" автожолының 46-53 шақырымы учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылады

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ 2024 жылғы 24 қыркүйектен 27 қыркүйекке дейінгі аралықта Р-10 "Астана айналма жолы" автомобиль жолының 46-53 шақырымы учаскесіндегі орта жөндеу жұмыстарына байланысты жол қозғалысына шектеу қойылатынын хабарлайды", - делінген хабарламада.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!