Almaty Open ATP 250 турнирінде кімдердің өнер көрсететіні белгілі болды
© Сурет: ktf.kz
Алматыда 2024 жылы 13-20 қазанда алғаш рет өтетін ATP 250 турниріне қатысатын ТОП ойыншылардың тізімі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Тізім көшін 2023 жылғы Astana Open ATP 250 турнирінің финалисі, америкалық Себастьян Корда (15 ATP), америкалық Фрэнсис Тиафо (16 ATP), Чили өкілі Алехандро Табило (22 АТР), ресейлік Карен Хачанов (23 ATP), франциялық Артур Фис (25 ATP) және қазақстандық Александр Бублик бастады.
Қазақстанның оңтүстік астанасында сондай-ақ италиялық Флавио Каболли (32 ATP), чехиялық Томас Махач (35 ATP), өткен жылғы Astana Open ATP 250 турнирінің чемпионы, франциялық Адриан Маннарино (46 ATP), мажарстандық Фабиан Марожан (49 ATP), әлемнің бұрынғы 9-ракеткасы, италиялық Фабио Фоньини және басқалар ойнайды.
Қазақстан намысын ұлттық құрама көшбасшысы Александр Бубликтен басқа беделді жарыста Александр Шевченко, Михаил Кукушкин, Тимофей Скатов, Бейбіт Жұқаев және Денис Евсеев, жұптық сында Александр Недовесов қорғайды.
"Біз биыл жиналған құрамға өте ризамыз, өйткені олар - осы маусымда өздерін жақсы көрсеткен мықты теннисшілер. Биыл ТОП ойыншыларды шақыру өте қиынға түсті. Себебі Синнер, Алькарас, Джокович, Медведев және Надаль сияқты алғашқы алтылыққа кіретін ойыншылар Сауд Арабиясында болатын көрме турнирде өнер көрсетеді. Олар онда өте көп табыс табады, теннисшілер кепілдіктерін қосқанда, Сауд турнирінің жалпы жүлде қоры 15 миллион АҚШ долларын құрайды. Әрине, біз ойыншылар тарту үшін мұндай көлемдегі қаржыны жұмсамаймыз. Өйткені біздегі басты басымдық қазақстандық жасөспірімдерді дамытуға қатысты".Қазақстан теннис федерациясының ресми өкілі Юрий Польский
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:20, 23 қыркүйек 2024
Алматыдағы моншада өрт шықты
-
18:39, 23 қыркүйек 2024
Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтеді
-
18:27, 23 қыркүйек 2024
Астана айналма жолында 24 қыркүйектен бастап шектеулер енгізіледі
-
17:47, 23 қыркүйек 2024
Полицейлер ШҚО тұрғынынан 15 келіден астам марихуана тәркіледі
-
17:41, 23 қыркүйек 2024
Экс-министр Ержан Маржықпаев жаңа қызметке тағайындалды