Елімізге Нидерландыдан Тұран жолбарыстары әкелінді

10:16, 23 қыркүйек 2024

© Сурет: pixabay

Еліміздің жануарлар дүниесі күннен-күнге толығып жатыр. Мәселен, Нидерландыдан Балқашқа екі жолбарыс әкелінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзге елден жеткізілген еркек пен ұрғашы жыртқыштар Тұран жолбарыстарының популяциясын қалпына келтіру мақсатында әкелінген. Олар Алматы облысындағы Іле-Балқаш резерватында тіршілік етпек.

Бұл туралы "Вечерняя Караганда" Telegram-арнасының ақпаратынан белгілі болды.

Айта кетейік, жолбарыстың бұл түрі қатал ауа-райында өмір сүруге бейімделген.

2024 жылдың 18 қыркүйегінде Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Мәжіліс алаңында Қазақстанға жолбарыстарды жерсіндіру жоспары туралы айтқан болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!