Қазақстандық ескек есуші жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты

19:09, 24 шілде 2026
MKZ: 1557902

© Сурет: olympic.kz

Қазіргі таңда Германияның Дуйсбург қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында академиялық ескек есуден әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық Артем Матусевич жеңіл салмақтағы ерлер арасындағы жекелей сынның (LM1x) жартылай финалында сәтті өнер көрсетті.

Отандасымыз өз жарысында 07:07.75 уақыт көрсеткішімен екінші орын алып, шешуші кезеңге жолдама алды.

Айта кетейік, осы бағдарлама бойынша финалдық жарыс 26 шілдеде өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!