Көлігін автосалон арқылы сатпақ болған 30-дан астам қазақстандық жаяу қалды
© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Алматы облысында автосалон арқылы көлігін сатпақ болған 30-дан астам тұрғын сан соғып қалды. Айтуларынша, екі апта ішінде сатып, ақшасын аударып береміз деген орталық темір тұлпарларды өз атына рәсімдеп алған соң байланысқа шықпай кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Астана ТВ" телеарнасының мәліметінше, автосалон қызметкерлері көлікті нарықтағы бағасынан түсірмей, қысқа мерзімде сатып береміз деген уәдемен қызықтырған. Соған сенген тұрғындар темір тұлпарларын автосалон директорының атына рәсімдеп, кілті мен құжаттарын тапсырған. Келісім бойынша сатылымнан түскен қаржы екі апта ішінде берілуі тиіс болған. Алайда арада айлар өтсе де, ақшасын алған ешкім жоқ. Зардап шеккендердің арасында құны 3 миллион теңгелік көлігін өткізгендер де, бағасы 20 миллион теңгеден асатын темір тұлпарын тапсырғандар да бар.
Автосалонға алдандым дегендердің арасында өзге өңірлерден келген азаматтар да бар. Олар орталықпен бірі жарнама арқылы, енді бірі таныстарының ұсынысымен байланыс орнатқанын айтады. Қазір кеңсе жабық, ал кейбір көліктер сол ғимаратта тұрғанымен, иелері оған қол жеткізе алмай отыр. Енді көлігін де, қаржысын да қайтара алмаған тұрғындар полицияға арыз жазып, заң аясында шешімін табуға тырысып жатыр.
"Қылмыстық іс аясында негізгі күдікті мен оның болжамды сыбайластары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттерінің толық кешені жүргізілуде. Тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы тергеу-жедел тобы құрылды".Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Бұған дейін жедел жәрдем қызметкеріне күш көрсеткен қазақстандық түрмеге тоғытылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:34, 24 шілде 2026
Қазақстан Ұлттық банкі қатарынан екінші мәрте базалық мөлшерлемені төмендетті
-
13:25, 24 шілде 2026
Қарағанды қаласының аумағы 281 гектарға ұлғайды
-
13:17, 24 шілде 2026
Қазақстанға нөсер жаңбыр мен найзағай келеді, бірақ аптап ыстық +41 градусқа дейін күшейеді
-
12:53, 24 шілде 2026
Алматыда жыл басынан бері заңсыз салынған 41 нысан сүрілді
-
12:34, 24 шілде 2026
«Аватар» әлемі туралы жаңа мультсериалдың тизері жарық көрді





