Қарағандыда арнайы жасақ көпшілік орында бір топ жасты құрықтады: оған не себеп

10:15, 24 шілде 2026
MKZ: 1557749

© Фото: Zakon.kz

Қарағандыда арнайы мақсаттағы жасақ қызметкерлері қаладағы супермаркеттердің бірінің маңында жаппай төбелестің алдын алды. Оқиғаға қатысты 2026 жылғы 23 шілдеде облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Онда күштік құрылым қызметкерлерінің жанжалға қатысушыларды жерге етпетінен жатқызып ұстаған сәті бейнеленген.

Арнайы жасақтың жедел түрде оқиға орнына баруына "қызу қанды" жастардың бір жерге жиналғаны туралы хабарлама себеп болған.

Анықталғандай, жылдам жеткен полиция қызметкерлері дер кезінде әрекет етіп, жанжалдың жаппай төбелеске ұласуына жол бермеген.

"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін 16 адам аумақтық полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша тиісті процестік шешім қабылданады", – деп мәлімдеді ведомство Zakon.kz тілшісіне.

Бұған дейін Алматыда да жаппай төбелес туралы хабарлама полицейлерді аяқтан тік тұрғызғанын жазған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!