Ұлытау облысы полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды

19:32, 24 шілде 2026
MKZ: 1557907

© Сурет: Ұлытау облысының әкімдігі

Ішкі істер министрінің бұйрығымен бұл қызметке полиция полковнигі Бауыржан Сапар тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа басшыны жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Айдар Сайтбеков таныстырды.

Бауыржан Сапардың ішкі істер органдарындағы қызмет өтілі 30 жылдан асады.Қызметтік жолдың барлық сатыларынан өткен.

Кейінгі жылдары Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары және Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!