Қарағандыдағы кен орнында жұмысшы қаза тапты

11:08, 24 шілде 2026
MKZ: 1557766

© Фото: rawpixel

2026 жылғы 23 шілде 11:30 шамасында "Алтыналмас АК" АҚ өндірістік нысандарының бірінде адам өліміне әкелген жазатайым оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, "Пустынное" ТБК екінші саты ұсақтау корпусының конвейер машинисі Карим Рымбаев қаза болды. Оқиғаның себеп-салдары мен мән-жайын уәкілетті органдар анықтап жатыр.

"Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне қайғырып көңіл айтамыз. Компания оның отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетеді". "Алтыналмас АК" АҚ баспасөз қызметі

Сондай-ақ, мамандар тексерілмеген ақпаратты таратпауды және тек уәкілетті мемлекеттік органдар мен Компанияның баспасөз қызметі ұсынған ресми деректерге ғана сүйенуді сұрады.

Бұған дейін Атырауда қайталап тәртіп бұзған ер адам қамалғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!