Павлодар облысында түгі қалмай жанып кеткен мектептің орнына жаңа ғимарат салынады
© Сурет: instagram.com/samal.aitkazina/
Павлодар облысы Ертіс ауданы Бұланбай ауылында отқа оранып, түгі қалмай жанып кеткен мектептің орнына шағын жинақтағы мектеп салынады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Самал Айтқазина хабарлады.
"Бұланбай ауылындағы негізгі мектеп өртке оранғаны бәрімізге мәлім. Сол күні оқиға орнына барып, жағдайды өз көзіммен көрген болатынмын. Ауыл тұрғындарымен, ұстаздармен және қызметкерлер ұжымымен кездесіп, мектепте білім алып жүрген оқушылардың алдағы күндері қайда оқитыны жайлы нақтылап алған едік. Облыс әкімінің орынбасары Айгүл Маликовамен оқиға орнына арнайы тағы бір мәрте іссапармен барып келдік. Айгүл Қайыртасқызы облыс әкімі Асайын Байхановтың тапсырмасымен өртеніп кеткен мектептің орнына бала санына шақтап, мектеп салынатынын жеткізді. Мектептің қайта қалпына келуі тек білім беру мекемесі ғана емес, сонымен бірге ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын да жаңарту бойынша маңызды қадам болмақшы", - деді басқарма басшысы.
Жаңа шағын жинақталған мектептің құрылысын бастау үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, бюджеттен қаражат бөлінеді.
Шағын-орталықта тәрбиеленіп жатқан 8 бүлдіршін де ары қарай тәлім алады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:57, 27 қаңтар 2025
«Дара» Президенттік бастамалар қорының президенті тағайындалды
-
21:47, 27 қаңтар 2025
Алматыда жүріп бара жатқан көлік капотына жабысып алған ер адам іздестіріліп жатыр
-
20:44, 27 қаңтар 2025
Атырау облысында Сармат дәуіріне тиесілі құнды жәдігерлер табылды
-
20:32, 27 қаңтар 2025
Қазақстандық хоккейшілер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші орын алды
-
20:23, 27 қаңтар 2025
Түркияның қазақтары көп қаласында алапат өрт болып жатыр