Қазақстандағы ең ірі «Күнделік» және «ArtSport» платформалары бірлескен интеграцияны жүзеге асырды
© Сурет: kundelik.kz
Бүгін Қазақстандағы ең ірі «Kundelik» және «ArtSport» платформалары арасындағы интеграциялық өзара әрекеттестіктің аяқталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Mail.KZ порталы.
"Платформаларды біріктіру Білім министрлігі және Мәдениет және спорт министрлігінің шығармашылық және спорттық тапсырыстарын жан басына шаққандағы қаржыландыру арқылы қосымша білім беру саласындағы деректерді басқару мен талдаудың қуатты құралын жасады, бұл интеграция ата-аналарға баланың қандай спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелермен айналысатыны, қазір қандай жолдамалар (ваучерлері) бар және бұрын болғаны, бала кезекте тұрғаны және қандай жеткізушіге кезекке жазылғаны, қосымша мектептегі шығармашылық үйірмелерге, спорттық секцияларға қатысқаны туралы барлық қажетті ақпаратты береді", - деп түсіндірді «SoftDeCo» бас директоры Сергей Алабугин.
Күнделік платформасындағы ата-аналардың жеке кабинетіндегі функция тек «ArtSport» платформасы арқылы мемлекеттік спорт пен шығармашылық тапсырыстарды жан басына шаққандағы қаржыландыру жүзеге асырылатын өңірлерде ғана қолжетімді екені атап өтілді.
"Біз еліміздің азаматтарына ыңғайлы болу үшін бірлескен интеграция жасадық - бұл ең алдымен ата-аналарға арналған. Біздің екі платформамыз да әлеуметтік болып табылады және 6 мен 18 жас аралығындағы балаларға білім мен қосымша білім беруге бағытталған. Баланың тегін оқи алатын қандай спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелер бар екенін ата-аналарымыз үнемі біліп отыруы үшін оны ыңғайлы ету өте маңызды деп санаймыз. Жақын арада оқу жылы аяқталады, сондықтан балаларымыздың әрқашан даму мүмкіндігі болуы тиіс, соған орай бар бос уақыттарында білім алуын және онымен жазда қамтамасыз ету өте маңызды", - деп қосты «Күнделік (Kundelik)» бас директоры Ілиясов Мұхтар.
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:45, 4 ақпан 2026
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы – 4 ақпан
-
11:39, 4 ақпан 2026
Қазақстанда Әділет министрлігінің жаңа функциялары бекітілді
-
11:27, 4 ақпан 2026
Парламент арнайы мемлекеттік органдар қызметіне түзетулерді қарауға алды
-
11:16, 4 ақпан 2026
Қазақстандықтардың бір бөлігі уақытша теледидар мен радиосыз қалуы мүмкін
-
11:09, 4 ақпан 2026
Депутат жаңа Конституцияда шетелдіктерге жер сатуға рұқсат беріледі деген қауесетті фейк деп атады





