Қазақстанда жылына 1 млн тонна астық өндіретін жаңа терминал пайдалануға берілді

16:09, 12 қараша 2024

© Фото: primeminister.kz

Маңғыстау облысындағы Құрық портында қуаттылығы жылына 1 млн тонна астық өндіретін жаңа астық терминалы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2024 жылдың 12 қарашасында ҚР Көлік министрлігі мәлімдеді.

"Қазіргі таңда порт аумағындағы "Kaspi Grain Way" жеке компаниясының астық терминалы Қазақстанның түкпір-түкпірінен астық дақылдарын қабылдауға дайын",- делінген ақпаратта.

Жоба аясында 28 мың тоннаға дейін дәнді дақылдарды біржолғы сақтау мүмкіндігі бар 18 сүрлем салынды. Құбырлардың өнімділігі сағатына 300 тоннаны құрайды.

"Терминал дәнді дақылдарды Қазақстаннан Иранға, Кавказ өңірі елдеріне және одан әрі экспорттайды. Бүгінгі таңда астық терминалында шамамен 14 мың тонна арпа сақталып тұр". ҚР Көлік министрлігі

Ведомство ақпаратына сүйенсек, биыл осы терминалдан Құрық портының №4 айлағы арқылы 3 500 тонна арпаның бірінші жүк партиясы Иранға жөнелтілді.

Сондай-ақ, бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Қазақстан Республикасының теңіз инфрақұрылымын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспарын орындау шеңберінде іске асырылып жатқандығы атап өтілді.

Бұған дейін БҚО-да жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатқандығы хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!