Қазақстанда анаболикалық стероидтарды АҚШ пен Еуропаға контрабандалық жолмен өткізу схемасы әшкере болды
© Сурет: Telegram/afm_rk
Алматы қаласы Авиациялық көлік прокуратурасының келісімімен Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) күшті әсер ететін заттарды Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы ірі көлемде заңсыз өткізу фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласының авиациялық көлік прокуратурасының үйлестірумен Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы ірі көлемдегі ауыр препараттарды заңсыз өткізу фактісін анықтады.
Бір топ адам алдын ала сөз байласып, витаминдер түрімен жасырылылған, құрамында адам өмірі мен денсаулығына ауыр әсер ететін заттар бар анаболиктерді, стероидтерді (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 120 бұйрығы) Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы АҚШ пен Еуропа елдеріне жөнелткені анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұйымдастырушылар препараттарды сақтап, буып-түюмен айналысқан мекенжайы табылды.
206 мыңға жуық ампула мен таблетка, сондай-ақ шприцтер, желімдеуге арналған станок, пошта конверттері, құтыларға арналған өздігінен жабысатын жапсырмалар табылып, тәркіленді.
Аталған азаматтар ұсталып, оларға қатысты сот "үй қамағына алу" бұлтартпау шарасын қолданды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:24, 31 қазан 2024
Алматыда магистральды көшелердің жарықтандыру жүйесі жаңартылды
-
13:13, 31 қазан 2024
Алматы тұрғындарының телефондарына шұғыл ескерту келіп түсті
-
13:07, 31 қазан 2024
Жамбыл облысында 105 борышкердің көлігі айыптұраққа қойылды
-
12:56, 31 қазан 2024
Екі қазақстандық мектеп «халықаралық» мәртебеге ие болды
-
12:43, 31 қазан 2024
Семейдегі жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінде лифт орнатыла бастады