Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

09:31, 16 қазан 2026
MKZ: 1572665

© Фото: Zakon.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы" үкімет қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 8,5%-ға арттыру көзделген.

Бұл шараның мақсаты – төлем алушылардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру.

Жоба "Ашық НҚА" порталында 2 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Бұған дейін үкіметтің жәрдемақылар тізбесі мен оларды тағайындау шарттарын бекіткені туралы хабарлаған едік.

Сондай-ақ 2027 жылы Қазақстанда қандай отбасылар мемлекеттен берілетін төлемдерден айырылуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!