Қазақстанда жүргізушілердің медициналық рұқсатын автоматты түрде есепке алу жоспарланып отыр
© Фото: pexels
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көрсетілімдер бойынша көлік басқаруға рұқсат етілген немесе медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды автоматтандырылған тіркеу және есепке алу қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, жүргізушілердің көлік құралын басқаруға жарамдылығы туралы медициналық қорытындыларды автоматтандырылған есепке алу жүйесін енгізу көзделіп отыр.
Медициналық тексеру нәтижелері туралы мәліметтер медициналық ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен денсаулық сақтаудың мемлекеттік цифрлық жүйесіне автоматты түрде жіберіліп, азаматтардан қосымша өтініш талап етілмей жаңартылып отырады.
Уәкілетті органдарға жүргізушілердің көлік басқаруға медициналық рұқсаты, басқаруға рұқсат етілген көлік құралдарының санаттары және медициналық қорытындылардың қолданылу мерзімі туралы ақпарат беріледі. Бұл ретте медициналық дербес деректердің құпиялылығы қамтамасыз етіледі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жобаны іске асыру әкімшілік рәсімдерді қысқартуға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Құжат қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында 10 қазанға дейін жарияланады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:48, 23 қазан 2026
Қазақстанда жұмыссыздарды тіркеудің жаңа тәртібі бойынша пилоттық жоба іске қосылды
-
17:35, 23 қазан 2026
Қазақстандық жеті боксшы U19 әлем чемпионатының ширек финалына өтті
-
17:20, 23 қазан 2026
Демалыс және мереке күндеріндегі валюта бағамы 24, 25 және 26 қазан
-
17:10, 23 қазан 2026
Базалық мөлшерлеме төмендеді: елімізде несие қашан арзандайды
-
17:03, 23 қазан 2026
Алматыда түнде үсік болады: бір аптаға арналған ауа райы болжамы





