Қазақстанда жасанды интеллект энергетика жүйесін басқарады
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 28 сәуірде Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов энергетика саласына жасанды интеллект енгізу жоспарлары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрдің айтуынша, жасанды интеллект Біртұтас энергетикалық жүйені басқаруда қолданылады.
"Жүйе диспетчерлік мониторинг жүргізуге, деректерді нақты уақыт режимінде талдауға және жедел шешім қабылдауға арналған. ЖИ моделі электр жүктемесін алдын ала болжайды, ықтимал бұзушылықтарды анықтайды және энергетикалық жүйедегі оқиғаларға жылдам әрекет етуге көмектеседі. Пилоттық жоба KEGOC базасында іске асырылуда. Бұл – қазақстандық әзірлеме, байқау жеңімпазы. Күтілетін нәтиже – инциденттерге жауап беру уақытын 30%-ға дейін қысқарту. Ал алдын ала есеп бойынша экономикалық тиімділік жылына 200 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін", – деді министр.
Сонымен қатар ол жасанды интеллекттің жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) болжауда да қолданылатынын атап өтті.
"Жүйе ауа райы деректері, тарихи өндіріс көлемі және ағымдағы техникалық жағдайды ескере отырып, электр энергиясын бір тәулікке алдын ала болжайды. Бұл жоспарлау дәлдігін арттырып, ауытқуларды алдын ала көруге және энергия жүйесін тиімді теңгеруге мүмкіндік береді. Пилоттық жоба KEGOC пен "Самұрық-Энерго" нысандарында іске асырылуда. Жоба барлық ЖЭК нысандарына масштабталуы мүмкін. Күтілетін нәтиже – жоспарлы және нақты өндіріс арасындағы ауытқуды 25%-ға дейін азайту, сондай-ақ жылына 1,2 млрд теңгеге дейін экономикалық тиімділікке қол жеткізу", – деді Ерлан Ақкенженов.
Бұдан бөлек, министр жылу желілерін диагностикалауда да ЖИ қолданылатынын айтты.
"Бұл – құбыр ішін тексеретін роботтандырылған диагностикалық кешен. ЖИ алынған деректерді талдап, жылу жүйелерінің техникалық жағдайын бағалайды, ақауларды анықтайды және апат қаупін болжайды. Пилоттық жоба Шымкент қаласындағы "Қуатжылуорталық-3" кәсіпорнында жүзеге асырылған. Қазіргі уақытта жоба ауқымын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар оның экспорттық әлеуеті бар, Өзбекстан нарығына шығару қарастырылып жатыр. Шымкенттегі пилот нәтижесінде жөндеу шығындары 75%-ға дейін қысқарып, жылына 887 млн теңге үнемдеуге қол жеткізілген", – деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін Энергетика министрлігі жасанды интеллектті мұнай-газ саласына да енгізу жоспарланып отырғанын хабарлаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:14, 28 сәуір 2026
Экс-ресейлік теннисші Мадридтегі турнирде Рыбакинаны қалай жеңгенін айтып берді
-
17:59, 28 сәуір 2026
Олжас Бектенов: Қазақстан Чехиямен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын
-
17:44, 28 сәуір 2026
Францияда ұрланған 300 млн теңгеге жуық қазына Мәскеуден табылды
-
17:28, 28 сәуір 2026
Қазақстанда Қожа Ахмет Ясауи мұрасын кеңінен насихаттау жоспарланып отыр
-
17:13, 28 сәуір 2026
Өскеменде 100-ге жуық шоколад ұрлаған ер адам ұсталды





