Қазақстанда тұратын өзге этнос өкілдерінің саны қанша
© Сурет: Zakon.kz
Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросы елімізде тұратын түрлі этнос өкілдерінің статисnикасын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгінгі таңда Қазақстан халқының саны 19 808 430 адамды құрайды. Оның ішінде 70,6% – қазақтар, орыс халқының үлесі – 15,1%, өзбектер – 3,2%, украиндар – 1,9%, ұйғырлар – 1,5%, немістер – 1,1%, татарлар – 1,1%, әзербайжандар – 0,7%, кәрістер – 0,6% және басқа этнос өкілдері", делінген хабарламада.
Қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,5 млн. Орыстардың жалпы санынан көпшілігі Алматы қаласында тұрады – 428 мың. Өзбектер Түркістан облысында көп – 378 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 86 мың, 297 мың ұйғырдың басым бөлігі Алматы облысында тұрады: 120 мың адам.

Сурет: Ұлттық статистика бюросы
"Біздің елімізде гагауздар, лезгиндер, құмықтар, аварлар сияқты этностардың да өкілдері бар, Қазақстанда бір шаңырақ астында барлығы 124 этнос өкілі тұрады". Ұлттық статистика бюросы
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:15, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты
-
11:01, 20 желтоқсан 2025
Алматының жаңартылған Бас жоспарының жобасы Мәжіліс депутаттарына таныстырылды
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды





