Қазақстанда тағы бір міндетті сақтандыру түрін енгізу жоспарлануда
© Фото: Zakon.kz
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев 2025 жылдың 30 желтоқсанындағы үкімет отырысында 2026 жылға арналған заң жобаларын әзірлеу жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ерлан Сәрсембаевтың айтуынша, жоспар жобасы мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде дайындалған және 31 қазанда Заң жобаларын әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияда бекітілген.
Жоспар жобасында 12 заң жобасын әзірлеу қарастырылған, оның 3-еуі мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес келеді. Бірінші – "Мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу" және "Онлайн платформалар мен БАҚ мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу" заң жобалары және оларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстегі түзетулер.
"Аталған заң жобалардан бөлек, жоспарға тәуелсіз заң жобаларын Парламентке енгізу де көзделген: "Мұнай-газ-химия өнеркәсібі туралы", "Табиғи апаттардан тұрғын үйді міндетті сақтандыру туралы", "Мобилизация туралы" заң жобалары және оларға қатысты түзетулер, сондай-ақ жыл сайынғы – "2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы, сонымен қатар еңбек заңнамасын, міндетті әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерін жетілдіруге арналған заң жобалары", – деп қосты Әділет министрі.
Оның айтуынша, жалпы, Парламентке бірінші жартыжылдықта 5, екінші жартыжылдықта 7 заң жобасы енгізілу жоспарланған.
Бұған дейін Алматы қаласының Медеу ауданында қар еріту пунктін салу үшін 21 жер учаскесі алынатындығын жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:30, 30 желтоқсан 2025
Көлік министрлігі жүргізушілерге шұғыл ескерту жасады
-
17:22, 30 желтоқсан 2025
Жетісу облысында есірткі сатқан жас жігіт ұсталды
-
17:16, 30 желтоқсан 2025
Алматы метросы мереке күндері қалай жұмыс істейді
-
17:10, 30 желтоқсан 2025
Шаңғымен тұғырдан секіруден Германиядағы Әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтар қандай нәтиже көрсетті
-
16:56, 30 желтоқсан 2025
«Мұзда тайып құлап, қаза тапты»: Астанадағы қайғылы жағдайға әкімдік түсініктеме берді





