Қазақстанда табысы миллионнан асатын отбасылар да жәрдемақы алып отырған

10:58, 26 қараша 2026
MKZ: 1579824

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

2026 жылғы 25 қарашада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік төлемдерден бас тартқан азаматтар туралы мәлімет берді. Олардың арасында табысы жоғары және элиталық жылжымайтын мүлкі бар отбасылар да болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Әлеуметтік төлемдерден ерікті түрде бас тарту" цифрлық сервисі іске қосылғалы бері 900-ден астам қазақстандық өздері алып жүрген төлемдерден бас тартқан. Олардың арасында ауқатты отбасылар да бар.

"Мысалы, еліміздің батыс өңірінде тұратын алты адамнан тұратын отбасының ресми табысы 3,8 миллион теңгеден асады. Яғни отбасының әр мүшесіне айына 636 мың теңгеден астам табыс келеді", – деп хабарлады ведомство.

Жоғары жалақыдан бөлек, отбасының бірнеше тұрғын үй нысаны, жер учаскесі және автокөліктері бар. Оңтүстік өңірдегі тағы бір отбасының да бірнеше тұрғын үй нысаны мен жер учаскелері бар екені анықталған.

"Тағы бір ауқатты отбасы еліміздің орталық өңірінде тұрады. Жеті адамнан тұратын отбасының құрамында кәмелетке толмаған бес бала бар. Отбасының ресми айлық табысы 2,3 миллион теңгеден асады. Сонымен қатар бұл отбасы жеке кәсіппен айналысады және элиталық баспанаға, жер учаскелеріне, жеңіл автокөлік пен коммерциялық көлікке иелік етеді", – деп толықтырды Еңбек министрлігі.

Министрлікте мұндай қадамды табысы жоғары қазақстандықтардың жеке әлеуметтік жауапкершілігінің көрінісі деп санайды. Әлеуметтік төлемдерден бас тарту – әр азаматтың ерікті түрде қабылдайтын шешімі.

Айта кетейік, әлеуметтік төлемдерден бас тарту азаматты болашақта мемлекеттік қолдау алу құқығынан біржола айырмайды.

Егер өмірлік жағдайы өзгеріп, материалдық ахуалы нашарласа, азамат кез келген уақытта жәрдемақы тағайындау туралы қайта өтініш бере алады. Ол үшін жалпыға бірдей тәртіп қолданылады.

Сондай-ақ Еңбек министрлігі 2027 жылдан бастап әлеуметтік төлемдерді тағайындау ережелері қалай өзгеретінін түсіндірді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!