ІІМ полицейлердің пәтер аралап, биометриялық дерек жинап жүргені туралы ақпаратты жоққа шығарды

10:32, 26 қараша 2026
MKZ: 1579814

© Фото: Zakon.kz

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған адамдардың пәтер аралап жүргені туралы хабарлама тарады. Хабарлама авторларының айтуынша, олар тұрғындардың құжаттарын тексеріп, биометриялық деректерін жинап жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ішкі істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, мұндай хабарламалар бұрын да тараған. Полиция сол кезде де оларды жоққа шығарған.

ІІМ қазақстандықтарды ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға, арандатуға ермеуге және тексерілмеген мәліметті өзгелерге таратпауға шақырды.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған адамдардың пәтер аралап жүргені туралы хабарлама тарады. Хабарлама авторларының айтуынша, олар тұрғындардың құжаттарын тексеріп, биометриялық деректерін жинап жүр, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2026 10:32

Сурет: ҚР ІІМ

Министрлік көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

25 қарашада ІІМ ел аумағында бірқатар қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылғанын хабарлаған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!