Димаш Құдайбергеннің Чилидегі концерті аншлагпен өтті

10:44, 26 қараша 2026
MKZ: 1579818

© Сурет: dimashnews

2026 жылғы 24 қарашада Чили астанасында Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концерті болды. DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы шоу Сантьяго қаласындағы ең ірі концерттік алаңдардың бірінде аншлагпен өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мексика мен Колумбиядағы сәтті концерттерден кейін әлемдік турдың Латын Америкасындағы кезеңі Чилиде жалғасты. Мұнда өнер иесін ауқымды әрі ерекше ықыласқа толы қабылдау күтіп тұрды.

"Кеш бойы мыңдаған көрермен Димаштың өнерін зор қошеметпен, әншінің атын ұрандап және әндерін бірге орындау арқылы қолдады. Көрермендер ән айтып, би билеп, өнер иесінің әрбір сөзіне белсенді үн қатып, сахна мен зал арасында ерекше бірлік атмосферасын қалыптастырды", – деп хабарлады Димаш Құдайбергеннің командасы 25 қарашада.
Димаш Құдайберген , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2026 10:44

Сурет: dimashnews

Концерт бағдарламасының үштен екісіне жуығын Димаштың авторлық шығармалары құрады. Сонымен қатар өнер иесі танымал композиторлардың туындыларын орындап, қазақтың халық әндерін заманауи музыкалық өңдеуде ұсынды.

Димаш Құдайберген , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2026 10:44

Сурет: dimashnews

Бағдарламада Димаштың шығармашылығын ғана емес, қоғамдық бастамаларын да белсенді қолдайтын чилилік жанкүйерлер ұйымдастырған флешмоб ерекше орын алды.

Айта кетейік, әншінің маңызды авторлық туындыларының бірі – The Story of One Sky композициясын орындау кезінде концерт залы ақ түске бөленді. Мыңдаған көрермен бейбітшілікті, ізгілікті және бірлікті білдіретін ақ жалаушаларды көтеріп, әннің негізгі идеясын қолдады.

Димаш Құдайберген , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2026 10:44

Сурет: dimashnews

"Қымбатты достар! Сіздердің алдарыңызда өнер көрсету мен үшін үлкен мақтаныш әрі толқыныс. Сіздер бізді үлкен отбасыдай қабылдадыңыздар. Рақмет!" – деп Димаш сахнадан көрермендерге алғысын білдірді.

Әншінің командасының айтуынша, концерттің соңы да ерекше есте қалған. Қорытынды әннің өзі өнер иесі мен көрермендер арасындағы ұзақ музыкалық диалогқа ұласқан.

Димаш Құдайберген , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2026 10:44

Сурет: dimashnews

Көрермендер Димашты сахнадан жібергісі келмей, ән айтып, қол соғып, оның есімін қайта-қайта ұрандатқан.

Димаш Құдайберген , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2026 10:44

Сурет: dimashnews

Әлемдік тур аясындағы келесі концерт 2026 жылғы 1 желтоқсанда Перуде өтеді.

Бұған дейін, 2026 жылғы 21 қарашада Димаш Құдайберген Богота әуежайында өзін қалай қарсы алғанын көрсеткен болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!