Қазақстанда су тасқынына байланысты екі өңірде жол жабылды

20:09, 29 наурыз 2024

© Сурет: freepik

Қазақстандағы су тасқыны салдарынан екі өңірдегі республикалық маңызы бар жолдарда шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысы:

2024 жылғы 29 наурызда сағат 18:30-да еріген судың тасуынан және көліктердің қозғалысына қауіп төну салдарынан "Қызылорда-Павлодар" тас жолының 788-906 шақырымында (Ұлытау облысының шекарасы - Топар ауылы учаскесі) барлық көлік түріне қозғалыс шектелді.

Ұлытау облысы:

2024 жылғы 29 наурызда сағат 18:30-да еріген судың тасуынан және көліктердің қозғалысына қауіп төну салдарынан "Қызылорда-Павлодар" тас жолының 758-788 шақырымында (Жаңаарқа-Қарағанды облысының шекарасы учаскесі) барлық көлік түріне қозғалыс шектелді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!