Көркем гимнастикадан әлем кубогі: Эрика Жайлауова мен Милана Парфилова финалға шықты

17:31, 28 сәуір 2024

© Сурет: olympic.kz

Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан көркем гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде көпсайыс аяқталып, жекелеген жаттығулар бойынша финалға шыққан спортшылар анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл сында Қазақстан атынан Эрика Жайлауова мен Милана Парфилова және топтық жаттығудан ұлттық құрама сынға түсіп жатыр

Көпсайыс қорытындысы бойынша Жайлауова 7, Парфилова 11-орыннан көрінді. Екі спортшы да жекелеген жаттығулар бойынша финалға шықты.

Эрика Жайлауова доп және ұршықпен, Милана Парфилова шығыршықпен жаттығуда жүлдеге таласады.

Ал топтық жаттығудан Қазақстан командасы көпсайыста жетілікке еніп, екі бағдарламадан ақтық сынға түсті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!