Оралда мұғалімді өлтірген күдікті ұсталды

09:45, 28 сәуір 2024

© Сурет: Zakon.kz

Оралда полиция кеше, 27 сәуірде мұғалімді өлтірді деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Мой город" порталына Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті хабарлаған.

Күдікті бұрын сотталған Орал тұрғыны болып шықты.

"Ол бастауыш сынып мұғалімі Надежда Никитинаны өлтірді деген күдікке ілінді. Қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам қамауда отыр", - деп хабарлады полиция.

25 сәуірде Оралда мұғалімнің мәйіті өз пәтерінен табылды. Көршілерінің айтуынша, марқұм әйел қайырымды, жауапкершілігі мол және жанашыр адам болған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!