Атыраудағы жол апатынан мопед жолаушысы қайтыс болды

12:56, 28 сәуір 2024

© Фото: zakon.kz

Атыраудағы жол апатынан мопед жолаушысы қайтыс болды деп хабарлайды Zakon.kz AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

26 сәуір күні сағат 18:30 шамасында Құрманғазы-Луговая көше қиылысында 1979 жылы туған жүргізушінің тізгініндегі Toyota Ipsum автокөлігі солға бұрылу кезінде қарама-қарсы келе жатқан 2008 жылы туған жасөспірім тізгіндеген мопедке соқтығысып, жол апаты болды.

Өкінішке қарай, 2006 жылы туған мопед жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.

Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!