Юлия Путинцева да Мадридтегі турнирдің 1/8 финалына шықты

17:16, 28 сәуір 2024

© Сурет: wtatennis.com

Қазақстанның екінші, әлемнің 50-ракеткасы Юлия Путинцева Мадридтегі "Мастерс" турнирінің 1/16 финалындағы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы әлемнің 56-ракеткасы, америкалық теннисші Кэролайн Доулхайдпен кездесті.

Путинцева қарсыласын 6:2, 6:2 есебімен қапы қалдырды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина дәл осы турнирдің төртінші айналымына шыққанын жазған едік. Ол үшінші айналымда мысырлық теннисші Майар Шерифті екі сетте 6:1, 6:4 есебімен жеңді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!