Димаш өзінің жаңа әніне түсірген бейнебаянын көрсетті

10:16, 28 сәуір 2024

© Сурет: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген жаңа әніне түсірген бейнебаянын бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады.

"Құрметті достар! Жаңа Smoke әніме бейнебаянның шығуына орай біз жақсы көңіл-күй үшін бейнебаянның бір бөлігін көрсетуді ұйғардық. Бұл сіздерді жалықтырып алмайды деп сенемін. Жақында Будапештте және Стамбулда көрісеміз. Жаңа әнді концертте тыңдағыңыз келе ме? Сіздермен кездесетін сәтті күтемін" - деп жазды әртіс.

Димаштың жанкүйерлері бейнебаянға жоғары баға беріп, оның Венгриядағы концерттерін асыға күтетінін айтты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!