Александр Бублик Мадридтегі «Мастерс» турнирінің үшінші кезеңіне шықты

09:15, 28 сәуір 2024

© Сурет: ktf.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Мадридтегі ATP 1000 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бублик испаниялық теннисші, әлемнің 29-ракеткасы Роберто Карбалес-Баенамен кездесті.

Қазақстандық теннисші алғашқы сетте 6:1 есебімен жеңілгенімен, екінші және үшінші сетте қарсыласынан басым түсті - 6:2, 6:2.

Бублик енді 1/8 финалға шығу үшін америкалық теннисші, әлемнің 15-ракеткасы Бен Шелтонмен кездеседі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!