Ұлытау облысында ұрланған 219 бас мал иелеріне қайтарылды
© Фото: Zakon.kz
Ұлытау облысында полиция қызметкерлері мал ұрлығының алдын алу және ұрланған малды заңды иелеріне қайтару бағытындағы жұмыстарды қарқынды жалғастырып жатыр.
Жыл басынан бері өңірде 286 бас мал ұрланған. Полиция қызметкерлерінің жүргізген жұмыстары нәтижесінде оның 219 басы иелеріне қайтарылды. Сонымен қатар келтірілген шығынның 13 миллион теңгеден астамы өтелді.
Жалпы облыста 20-ға жуық мал ұрлығы фактісі тіркелген. Олардың басым бөлігі Жаңаарқа ауданында болған.. Мал ұрлығының туындауына ықпал ететін басты себептердің бірі — төрт түліктің қараусыз, еркін жайылуы.
Әсіресе елдімекендерден шалғай орналасқан жайылымдарда малдың ұзақ уақыт бақылаусыз қалуы оның қолды болу қаупін артты. Сондықтан полиция қызметкерлері мал иелерін төрт түлікті қараусыз қалдырмауға, жайылымдарда бақылауды күшейтуге және малды уақытылы түгендеп отыруға шақырады.
Полиция қызметкерлері мал ұрлығының алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастырып, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және азаматтардың мүлкін қорғау шараларын күшейтеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:01, 19 қазан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденконы қабылдады
-
15:54, 19 қазан 2026
19 қазандағы сауда қорытындысы: доллар бағамы қалай өзгерді
-
15:45, 19 қазан 2026
Қазақстанда бірқатар салықты төлеу мерзімі 20 қазанда аяқталады
-
15:39, 19 қазан 2026
Алматыда күн +20 градусқа дейін жылынады, Астанада қар аралас жаңбыр жауады
-
15:26, 19 қазан 2026
Давид Дегтярев рекорд орнатып, Пара Азия ойындарында Қазақстанға екінші алтынды әкелді





