Қазақстанда полиция үш күнде заңсыз айналымнан 188 атыс қаруын тәркіледі
© Фото: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіпті нығайту және заңсыз айналымдағы қаруды тәркілеу жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл туралы 2026 жылғы 26 қарашада ІІМ Криминалдық полиция департаментінің өкілі Бекзат Кемал мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, жыл басынан бері заңсыз айналымнан 2 200-ден астам қару тәркіленген. Оның 190-ы қылмысқа қатысы бар қару болса, соның 162-сі Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған.
"20–22 қараша аралығында республика бойынша "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Үш күнде 188 атыс қаруы тәркіленді. Оның 17-сі – ойық ұңғылы, 125-і – тегіс ұңғылы, ал 46-сы – өзге түрдегі қару. Бұдан бөлек, түрлі калибрлі 500-ден астам оқ-дәрі мен сегіз граната тәркіленді", – деді Бекзат Кемал.
Мәселен, 20 қарашада Түркістан облысының полицейлері Сарыағаш ауданының тұрғынынан ойық ұңғылы винтовка, ұңғысы кесілген тегіс ұңғылы мылтық, пневматикалық винтовка, белгі беретін тапанша және түрлі калибрлі 28 патрон тауып, тәркілеген.
"Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады", – деді Бекзат Кемал.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде полицейлердің пәтер аралап, тұрғындардың биометриялық деректерін жинап жүргені туралы хабарлама тараған еді. ІІМ бұл ақпаратты жоққа шығарып, қазақстандықтарды тексерілмеген мәліметті таратпауға шақырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:05, 26 қараша 2026
Ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік салаларындағы қызметтердің жаңа бағалары бекітілді
-
10:58, 26 қараша 2026
Қазақстанда табысы миллионнан асатын отбасылар да жәрдемақы алып отырған
-
10:50, 26 қараша 2026
Лотереядан миллион доллар ұтқан мигрантты полиция қолға түсірді
-
10:44, 26 қараша 2026
Димаш Құдайбергеннің Чилидегі концерті аншлагпен өтті
-
10:32, 26 қараша 2026
ІІМ полицейлердің пәтер аралап, биометриялық дерек жинап жүргені туралы ақпаратты жоққа шығарды





