Қазақстанда өрт сөндіру көліктеріне арналған арнайы тұрақ белгілері пайда болды
© Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда өрт сөндіру техникасына арналған орындарға көлік қоюға тыйым салатын арнайы жол белгілері мен таңбалар орнатыла бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұндай тұрақтар қай жерде пайда болады және ереже бұзғандарға қандай айыппұл салынады? Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов айтты.
Министрдің сөзінше, қажетті өзгерістер нормативтік-құқықтық актілерге енгізіліп, күшіне енген. Жаңа талаптар салынып жатқан нысандарға қатысты болғанымен, арнайы тұрақ орындары қолданыстағы тұрғын үй кешендерінде де жабдықтала бастады.
Алғашқылардың бірі – Астанадағы "Гранд Алатау" тұрғын үй кешені. Мұнда мүлік иелерінің бірлестігімен (МИБ) келісіп, тиісті жол белгісі орнатылып, арнайы таңба сызылған.
"Нормативтік-құқықтық актілерге толықтырулар енгіздік, олар қазір күшіне енді. Бұл талап жаңа нысандарға қатысты. Алайда мұнда МИБ-пен келісіп, арнайы таңба мен тыйым салатын белгі орнаттық. Басқа аулаларда да осындай жұмыстарды жалғастырамыз", – деді Мұрат Мұханов.
Министр өрт сөндіру техникасына бөлінген орындарға басқа көліктерді қоюға тыйым салынатынын атап өтті. Ережені бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
"Арнайы орындарға басқа көліктер қойылса, бұл – Ішкі істер министрлігінің құзыретіндегі мәселе. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте айыппұл қарастырылған: бірінші рет бұзғаны үшін – 5 АЕК, бір жыл ішінде қайталанса – 10 АЕК", – деп түсіндірді ТЖМ басшысы.
Өрт сөндіру техникасына арналған арнайы тұрақ орындарын жабдықтау жұмысы басқа тұрғын үй аулаларында да жалғасады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:55, 21 қараша 2026
Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында топ жарды
-
18:49, 21 қараша 2026
Дзюдошы Асқар Біржанов жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
-
18:01, 21 қараша 2026
ШҚО-да дронның көмегімен жоғалған 30 жылқы табылды
-
17:43, 21 қараша 2026
Теміртауда полицейлерден қашпақ болған жүргізуші 8 жылға көлік басқару құқығынан айырылды
-
17:19, 21 қараша 2026
Павлодар облысында мотоциклші тасжолдағы алты бейнекамераны бүлдірді






