Алматының оңтүстік бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі
© Сурет: pexels
Алматыда Giro d’Almaty 2026 веложарысына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала әкімдігінің мәліметінше, 2026 жылғы 18 қазанда әуесқойлар мен велоспорт ардагерлері арасында жыл сайынғы тасжол веложарысы өтеді.
Осыған байланысты 18 қазанда сағат 09:00-ден 09:30-ға дейін Керей – Жәнібек хандар көшесінің батыс жағында, Royal Tulip Almaty қонақүйінен (Керей – Жәнібек хандар көшесі, 401/2) "Медеу" биік таулы спорт кешеніне дейінгі аралықта автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.
"Қозғалыс жарысқа қатысушылардың жүріп өтуіне қарай кезең-кезеңімен шектеледі. Қала тұрғындары мен қонақтарынан түсіністік танытып, жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – деп мәлімдеді әкімдік.
Сонымен қатар Алматыда 17 және 18 қазанда демалыс күнгі жәрмеңкелер өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары жаңа піскен ауыл шаруашылығы өнімдерін, маусымдық көкөністер мен жемістерді, сондай-ақ басқа да отандық тауарларды қолжетімді бағамен сатып ала алады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:32, 16 қазан 2026
Алматы тауларынан қару мен оқ-дәрі табылды
-
13:24, 16 қазан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Армениядағы биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі саммитке келді
-
13:15, 16 қазан 2026
«Мен сіздің көршіңізбін»: Қазақстанда алаяқтар алдаудың жаңа тәсілін ойлап тапты
-
13:02, 16 қазан 2026
«Ұрып, аузы мен құлағына шикі балық тыққан»: Алматыда жасөспірімдерге қатысты дау шықты
-
12:55, 16 қазан 2026
Кемпірқосақ пайда болуы үшін жаңбыр жаууы керек пе: синоптиктер жауап берді






