Атырауда қауіпті дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды
© Фото: Zakon.kz
Атырауда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өрескел құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударып келеді.
Әсіресе, елдімекендерде автокөлікпен әдейі дрифт жасау, жылдамдықты шамадан тыс асыру және жол қозғалысы қағидаларын елемеу ауыр жол-көлік оқиғаларына әкеп соқтыратын қауіпті әрекеттердің бірі болып саналады.
Мәселен, 27 маусым күні сағат 14:00 шамасында Өркен ықшам ауданында автокөлік жүргізушісінің дрифт жасағаны, сондай-ақ жүргізуші мен жолаушының қауіпсіздік белдігін тақпағаны анықталды.
Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың жолын кесіп, 22 жастағы жүргізуші мен 19 жастағы жолаушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Оларға маневр жасау қағидаларын бұзу, қауіпсіздік белдігін пайдалану талаптарын сақтамау және жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, қоғамдық орындарда өз өмірі мен өзгелердің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттерден аулақ болуға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:01, 29 маусым 2026
Тоқаев Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Грузия премьер-министрін қарсы алды
-
16:59, 29 маусым 2026
Қазақстанда қандай жекеменшік мектептер мемлекеттік қаржыландырудан айырылады
-
16:54, 29 маусым 2026
Алматыдағы «Барыс-4» базарында мыңнан астам сауда заңнамасын бұзу дерегі анықталды
-
16:44, 29 маусым 2026
Астана, Алматы және Шымкентте күн райы құбылады
-
16:33, 29 маусым 2026
Алматы облысында құлаған ағаш екі көлікті басып қалды: зардап шеккендер бар





