Қазақстанда көмір бағасы біртіндеп қымбаттайды

13:18, 7 сәуір 2026

© Сурет: pixabay

2026 жылғы 7 сәуірде Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Үкіметтегі брифингте мемлекеттік жоспарларға байланысты көмір бағасының өсуі мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вице-министрдің айтуынша, көмір бағасы өседі, бірақ бұл біртіндеп жүзеге асады.

"Биыл қыс мезгілінде баға өсуі күтілмейді. Себебі көмір тұтыну биыл бірден артып кетпейді, ол біртіндеп өседі", – деді Есімханов.

Дегенмен, болашақта баға өсімін толық жоққа шығаруға болмайтынына назар аударды.

"Бүгін көмір өндіретін компаниялардан өндірісті жаңғырту және көлемді арттыру туралы үлкен ақпарат түсті. Бұл шығындар мен инвестицияларға алып келеді, соның нәтижесінде көмір бағасы инфляциялық тұрғыдан өсуі мүмкін. Бірақ ол реттелетін және біртіндеп болады деп ойлаймын", – деп қосты вице-министр.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан 2026 жылы шамамен 130 млн тонна көмір өндіруді жоспарлап отырғанын хабарлаған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!