Қазақстанда көмір химиясын дамытудағы қиындықтар айтылды
© Фото: freepik
2026 жылғы 7 сәуірде Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында елімізде көмір химиясын дамытуға кедергі келтіретін негізгі факторларды атады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрдің айтуынша, көмір өнеркәсібі ел экономикасы үшін стратегиялық маңызын сақтап отыр. Ол энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, экспорттық әлеуетті арттыруға ықпал етеді.
"Қазақстанның мол көмір қоры көмір химиясы саласында жаңа өндірістер ашуға мүмкіндік береді. Алайда бұл бағытты дамыту бірқатар қиындықтармен қатар жүреді. Атап айтқанда, жобалардың жоғары капитал сыйымдылығы мен технологиялық күрделілігі, заманауи технологияларды енгізу тәжірибесінің шектеулі болуы, кадрлық әлеуетті дамыту қажеттілігі және нормативтік-құқықтық базаның әлі толық қалыптаспауы", – деді Ерлан Ақкенженов.
Сонымен қатар, бұл саланы дамыту экономикаға бірқатар оң әсер береді:
- мұнай өнімдеріне импортқа тәуелділікті азайту;
- жаңа жоғары технологиялық өндірістерді қалыптастыру;
- жаңа жұмыс орындарын ашу және өңірлік экономиканы дамыту;
- терең өңделген өнімдердің экспорттық әлеуетін арттыру;
- көмір саласының қосылған құнын ұлғайту;
- көмір өндіру көлемі мен экспортты арттыру.
Министрдің сөзінше, алдағы уақытта саланы дамыту көмірді терең өңдеуді ұлғайтуға, инвестициялар тартуға, өндірісті технологиялық жаңғыртуға және көмір химиясы бағытын дамытуға байланысты болады.
Бұған дейін Қазақстанда кокс пен карбамид өндіретін үш жаңа зауыт салу жоспарланып отырғаны хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:24, 7 сәуір 2026
Жаңбыр, найзағай және қар: 8–10 сәуірге арналған ауа райы болжамы жаңартылды
-
15:08, 7 сәуір 2026
Қазақстанда ЖЭО құрылысы кімнің есебінен жүргізіледі
-
14:50, 7 сәуір 2026
ШҚО-да қос азаматтықпен жүрген 17 адам жауапқа тартылды
-
14:37, 7 сәуір 2026
Ақтөбе облысында полиция мал ұрлығының жолын кесті
-
14:21, 7 сәуір 2026
Қазақстанда кокс пен карбамид өндіретін үш жаңа зауыт салынады





