Доллардың бағамы 6 сәуірде тағы 4 теңгеге төмендеді

15:58, 6 сәуір 2026

© Фото: pexels

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 6 сәуірде сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндік сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа салмақты бағамы 466,33 теңге болып, тағы 4,07 теңгеге төмендеді.

Ресей рублі 5,88 теңгеге дейін төмендеді (0,01 теңге).

Қытайдағы мерекелік күнге байланысты юань бойынша сауда өткізілген жоқ.

Ауыстыру пункттерінде доллар 462,7–465,2 теңгеден сатып алынады/сатылады, евро – 536–541,8 теңге, рубль – 5,82–5,97 теңге.

Халықаралық мұнай бағалары 6 сәуірде өсті.

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнай баррелі 1,01 долларға қымбаттап, 110,04 долларға жетті.

Нью-Йорктегі NYMEX биржасында Light маркалы мұнай 0,18 долларға арзандап, баррелі 111,36 доллар болды.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 470,46 теңге, еуро – 543,1 теңге, рубль – 5,86 теңге деп белгіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!