ШҚО-да кәріз құдығында үш жұмысшы газбен уланып қалған

19:29, 6 сәуір 2026

© Фото: Zakon.kz

ШҚО-да құтқарушылар кәріз құдығында жұмыстар жүргізу кезінде газбен уланған үш жұмысшыны құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, оқиға орнына Глубокое ауданы ТЖБ бастығы Константин Боровиков пен аудан әкімі аппаратының ТЖ және азаматтық қорғау саласы бойынша бас маманы Темірлан Кеңесқанов келген.

"Олар бірінші болып келіп, құдықтан екі зардап шеккенді шығарды. Тағы бір ер адам өздігінен сыртқа шығып, құтқарушыларды шақырған",- делінген ақпаратта.

Зардап шеккендер медициналық көмек көрсету үшін аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі таңда дәрігерлер олардың өмірі үшін күресуде, ал оқиғаның мән-жайын мамандар анықтап жатыр.

Бұған дейін Павлодарда ер адамның қорғансыз мысықты құтқарамын деп қаза тапқанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!